1.3 Көмірсутек шикізатының қорлары және оларды пайдалану мүмкіндіктері
Қазақстан көмірсутек шикізатының жалпы барланған қоры бойынша дүние жүзінде бірінші ондыққа кіреді. Республикада көмірсутектің 191 кен орны ашылған, онда барланған шығарылатын мұнай қоры 2.1 млн.т, конденсаттың қоры 0,7 млрд.т және 2,6 трлн.м3 газ бар деп есептелінеді. Мұнай мен газдың болжаулық геологиялық қорларын қосқанда Қазақстанда шартты отынның 20 млрд.т-нан көп немесе 7 млрд.т мұнай мен конденсат және 7,5 трлн.м3 газ бар деп бағаланады.
Қазіргі өндіру қарқыны бойынша есептесе барланған мұнай қоры Қазақстанға 120 жылға, ал газ 400 жылға жетеді.
Мұнайдың өнеркәсіптік қоры алты облыста (Ақтау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жезқазған және Қызылорда) бар. Батыс Қазақстанның төрт облысында 122 барланған кен орнының 113-і орналасқан, онда бастапқының 95% және шығарылатын қалдық мұнай қорынының 94% -ы бар. Осы алқапта істейтін кен орындардың 98%-ы және шығарылатын қоры 100 млн.т-дан асатын барлық ірі кен орындары орналасқан.
Республиканың калған жерінде мұнайдың өнеркәсіптік қоры Орталық Қазақстанда (Қызылорда облысы, Құмкөл кен орны оның шығарылатын қалдық қоры 92,3 млн.т-дей) және Оңтүстік Қазақстанда (Қызылорда облысы) жалпы шығарылатын қоры 38,3 млн.т 7 шағын кен орны бар.
Батыс Қазақстандағы мұнайдың қалдық қорының негізгі бөлігі (64%) Каспий маңындағы ойпатта шоғырланған, сол қордың 86%-і 12 ірі кен орындарында шоғырланған, оның үшеуі (Теңіз, Қарашығанақ және Жаңажол) 100 млн.т-дан көп қорға ие. Республиканың мүмкіндік газ қоры 01.01.93 жылы 8616 млрд. м3 деп есептелді, оның 1862 млрд. м3-і барланған А+В+С, категориясындағы, 94,5 млрд.м3-і барланған С2 категориясындағы, 5656 млрд.м3 болашақтық және болжаулық қорлар.
Газдың негізгі қорлары Батыс Қазақстанда шоғырланған, оның ішінде Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының 13 кен орындарына Республикадағы бастапқы қордың 68% - ы және қалдық қордың 70% - ы келеді, оның 95% - ы екі ең ірі кен орындары: Жаңажол мен Қаршығанақта.
Атырау облысыңдағы өнеркөсіптік газ қоры бар 17 кен орнының тек 8-і ғана істейді, оның ішіңдегі негізгілері Имаш және Шатырлы-Шүмышты кен орыңдары.
Маңғыстау облысында 15-тен артық мұнайгаз және газ кен орындары, олардың ішінде істейтіндері Өзен, Қарамаңдыбас, Жетібай, Қаламқас және Қаражанбас.
Оңтүстік Казақстанда Жамбыл мен Шымкент облыстарының жерінде орналасқан газ алабы ашылды. Барлығы 7 кен орны барланған.
Қазіргі кезде шығарылған 24 млн.т мұнайдың 18 млн.т-сы өнделеді. Шығарылған мұнайдың 4,5-5 млн.т-сын Республика (Атырау МӨЗ-да) өз күшімен өңдейді, ал қалғанын Ресейге жіберіп, оның орнына Павлодар және Шымкент мұнай өндеу зауыттарында өндеу үшін Батыс Сібірден мұнай алады. Бір тұтас экономикалық кеңістік жағдайында бұл екі жаққа да тиімді болған. Бүгінгі күні саланың автономиялық жағдайда істеуін ойластыру керек. Батыс Қазақстан мұнайын Павлодар мен Шымкенттегі зауыттарға жеткізу нұсқаларын қарастыру қажет. Соның бірі ретінде «Батыс Қазақстан — Құмкөл» мұнай құбырын салуды техника-экономикалық жағынан дәлелдеу. Бұл құбырды салу өте қымбатқа түсейін деп тұр.
Қазақстандағы үш мұнай өңдейтін зауыттың ішінде Павлодардағы зауыттың көрсеткіштері ең жақсы: мысалы, өңдеу тереңдігі 82%, ең ескі Атырау зауытында бұл көрсеткіш небәрі 54,9%, Маңғыстау мұнай өндеу зауытын салу біраз мәселелерді шешеді.
Болашақта Батыс Қазақстанда қуатты мұнайхимияны дамыту көзделіп отыр. Атырау химзауыты, Ақтаудағы пластмасса зауыты және Жаңа Өзен қаласындағы Қазақ газ өндеу зауыты соның негізі бола алады.
Газдандырудың бірінші жылдарында республикада өз газ отыны болмады. 1965 жылдан бастап Қазақстан табиғи газ шығарып және сұйылтылған газ өндіре бастады. Басты орында Қарашығанақ газшықтық (газоконденсатный) кен орны. Соңғы мәліметтер бойынша, шығарылған табиғи газ қоры 1300 млрд.м3, шық пен мұнай - 820 млн.т-дан артық. Кен орнын 1984 жылдан бері пайдаланылады. Тек бір кен орны бойынша осындай қоры болса да Қазақстан басқа республикалардан мұнай өнімдері мен газдың көп бөлігін сатып алады.
Қарашығанақ кен орнынан басқа Қазақстан жерінде бірқатар басқа кен орындар: Терловск - Токарев тобы, Гремячинское, Каменское, Урихтау табылды.
Барлық газ және газшық кен орындарына күкіртсутек сияқты қышқыл құраушылардың болуы тән. Бұл газ және шықты шығаруды қиындатады да күкірсутектен тазарту үшін арнайы жабдықты қажет етеді. Айтылған жабдығы бар шетелдік серіктестерді қатыстыру керек.
Қазақстан газ тасымалдау жүйесіне келесі газ құбырлары кіреді: Орта Азия - Орталық, Мақат - Солтүстік Кавказ, Өзен - Жетібай - Ақтау, Орынбор - Новопеков, Союз", Бұхара - Орал, Газли - Шымкент - Бішкек - Алматы.
Қазақстан тұтынушылары газды 85 газ тарататын станция бар.
Атырау облысында өндірістік газы бар 17 кен орындары орналасқан, олардың ішінен зерттеліп және пайдаланылып жатқан тек 8 кен орны ғана, мысалы, Имаш кені мен Шатырлы-Шумышты кені.
Газ құбырларының жиынтық ұзындығы 10 мың км-дей. Газ тасымалдануын 27 сығымдағыш (компрессор) станциялары қамтамасыз етеді, ондағы газ айдайтын қондырғылардың жалпы қуаты 2,4 млн.кВт.
Маңғыстау облысында 15 мұнай-газ және газ кендері орналасқан, олардың ішінде Өзен, Қарамандыбас, Жетібай, Қаламқас пен Қаражанбас кендері өндірістік зерттеу үстінде.